Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Мендіқара ауданы білім бөлімнің
     Степанов жалпы білім беретін мектебі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Білім алушылардың 2024-2025 оқу жылына арналған оқулықтармен қамтамасыз етілуі

 

2024-2025 оқу жылына

білім алушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі

 

 

Мектеп кітапханасының негізгі міндеттерінің бірі - оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету. Оқу қорын толықтыру негізгі мақсаты мемлекеттік білім беру стандарттарын іске асыру болып табылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 (03.08.2023 № 246 редакцияда) бұйрығына сәйкес айқындалады.

Кітапхананың жалпы кітап қоры – 9614 дана, оның ішінде оқулықтар - 4441 дана, эл.оқулықтар – 53.

2024-2025 оқу жылының басында Степанов жалпы білім беретін мектебінде 131 білім алушы бар:

1-4 сыныптар - 54 білім алушы, оларға 842 дана оқулықтар берілді.

5-9 сыныптар - 57 білім алушы, оларға 741 дана оқулықтар берілді.

9-11 сыныптар – 20 білім алушы, оларға 420 дана оқулық берілген. 

Жетіспейтін оқулықтар - ауданның басқа мектептерінен уақытша пайдалану актісі бойынша сатып алынды.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелік әдебиеттер (әдістемелік құралдар, көрнекі материалдар) алынды.

Білім алушылардың 2024-2025 оқу жылына оқулықтармен қамтамасыз етілуі – 100%.

Записаться на прием