Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/ҰК бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мектеп 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді: 1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау (көрсетілетін қызметті беруші және "INDIGO" АЖ арқылы жүзеге асырылады). 2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (көрсетілетін қызметті беруші, "SAKURA" АЖ арқылы жүзеге асырылады). 3. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау (көрсетілетін қызметті беруші, "SAKURA" АЖ арқылы жүзеге асырылады). 4. Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау (болды-Білім беру ұйымдары мен республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагогтерін біліктілік санаттарын беру және растау үшін аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау) (көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады). 5. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау (көрсетілетін қызметті беруші, "SAKURA" АЖ арқылы жүзеге асырылады). 6. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру (көрсетілетін қызметті беруші, "SAKURA" АЖ арқылы жүзеге асырылады). 7. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады. 8. Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну (көрсетілетін қызметті беруші, "SAKURA" АЖ арқылы жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша келесі іс-шараларды өткізу туралы мәліметтер 1. Ата-аналарды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен тәсілі туралы хабардар ету жөніндегі ата-аналар жиналысы. 2. Мектеп сайтында жауапты тұлғалардың телефон нөмірлері орналастырылған. 3. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер орналастырылған стенд, мектептің интернет-ресурсы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 4. Мектеп ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. 5. Ай сайын білім бөліміне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептер жіберіледі. 6. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ғимаратқа кіру пандуспен жабдықталған, контрастты таңбалау, тактильді көрсеткіштер, қоңырау шалу түймесі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар: Литау С.В.- 87074965233 Казбеков Д.К. – 87052619219 Максимов В.С. - 87054202076 Алданыш А.Б. - 87051159232 Жаканова С.- 87051967951 |
Мемлекеттік қызметтер
Қаралды: 76