Ауыл мектептерімен қауымдастық жобасы бойынша “Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты” КММ-нің “Мейірімді жүрек” қайырымдылық клубы ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған қаражатқа ауыл мектебі ҚОӘББ «Мендіқара ауданы білім бөлімінің Степанов жалпы білім беретін мектебі» КММ білім алушыларына сыйлық салынған сөмкелер (мектеп жабдықтары, тәттілер) жіберілді.
2024 жылғы 18 қарашадағы қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы негізінде, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 Қаулысына сәйкес, 2 және 5 санатқа жататын отбасылардан шыққан мектептің үш білім алушыларына сөмкелер табысталды.
Жаңалықтар
Қайырымдылық жәрмеңкесі
Қаралды: 33
