18 қараша күні, мектебімізде Бүкіләлемдік балалар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шарада мектеп парламенті «Болашақ» мүшелері сөз сөйледі. Олар бұл күннің тарихы, балалар құқықтарын қорғаудың маңыздылығы туралы айтып, әрбір оқушыны өз құқықтары мен міндеттерін білуге шақырды.
Жиын соңында балалардың негізгі құқықтары: білім алу, отбасыда өмір сүру, қорғалу, денсаулық сақтау және теңдік туралы еске салатын бейнеролик көрсетілді. Бұл шара балалардың — біздің болашағымыз екенін және олардың дамуына қолайлы жағдай жасау әркімнің міндеті екенін еске салды.
Жаңалықтар
Дүниежүзілік балалар күні
Қаралды: 9
