Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасына қарасты "Қоғамдық келісім" мекемесі қазақ тілін үйрету мен медиасауаттылықты арттыру мақсатында "Мемлекеттік тілге жеті қадам" облыстық форумын өткізді. Жеті кезеңнен тұратын жоба этнос өкілдері арасында қазақ тілін үйренуді қолдап, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталды.
📚📚📚2024 жылғы 7 қарашасында бұл жоба мәресіне жетіп, оған 120 оқушы қатысты. Олардың ішінен бес оқушы үздік атанып, 15 қатысушы ақшалай сыйлық пен Алғыс хаттар алды. Меңдіқара ауданы Степанов ЖББМ 9"Б" сынып оқушысы Литау Александр 20 мың теңге алды. Қазақ тілін дамыту жолындағы маңызды қадам және мектеп үшін үлкен мақтаныш.
Жаңалықтар
"Мемлекеттік тілге жеті қадам" форумы
Қаралды: 15
