«Адал ұрпақ» клубының мүшелері 9 «Б» сынып оқушыларымен бірге «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас практикумын өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қоғамдық тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, әр азаматтың өз жауапкершілігі мен қоғамдағы рөлін талқылау арқылы жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Практикум барысында қатысушылар азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғам алдындағы жауапкершілік және тәртіп пен заңдарды сақтау қажеттілігі жөнінде пікір алмасты. Оқушылар пікірталасқа белсене қатысып, қоғамдық тәртіптің қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін маңызды екенін айтты. Азаматтық жауапкершілік және жастардың тәртіп сақтаудағы рөлі де талқыланды.
Қорытынды:
Практикумның нәтижесінде 9 «Б» сынып оқушылары қоғамдық тәртіпті сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін және бұл барлық адамға қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастыруға ықпал ететінін түсінді.
Жауапты тұлғалар:
«Адал ұрпақ» клубының мүшелері
Жаңалықтар
Пікірталас практикумы
Қаралды: 8