Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Мендіқара ауданы білім бөлімнің
     Степанов жалпы білім беретін мектебі» КММ
Ресми интернет-ресурс

«Сынып басшысын сайлау» викторинасы

Previous Next

«Адал ұрпақ» клубының мүшелері 4 «Б» сынып оқушыларымен бірге «Сынып басшысын сайлау» атты сюжеттік-рөлдік ойын-викторинасын өткізді. Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын демократиялық сайлаудың негіздерімен таныстыру, жауапкершілік пен шешім қабылдау дағдыларын ойын түрінде дамыту болды.
Ойын-викторина бірнеше кезеңнен тұрды: алғашқы кезеңде оқушылар сайлау ұғымымен, «кандидат» және «сайлаушы» терминдерімен танысты. Келесі кезеңде қатысушылар кандидат және сайлаушы рөлін ойнап, сынып басшысына қажетті қасиеттерді талқылады. Ойын барысында балалар өз кандидатураларын ұсынып, қысқа сайлауалды сөздерін дайындап, адал дауыс беруді үйренді.
Қорытынды:
4 «Б» сынып оқушылары ойынға белсене қатысып, сайлаудың маңыздылығы, жауапкершілік пен әділдік туралы көп нәрсе білді. Сюжеттік-рөлдік ойын балалардың қарым-қатынас дағдыларын және өз пікірлерін қорғау қабілеттерін дамытуға көмектесті.
Жауапты тұлғалар:
«Адал ұрпақ» клубының мүшелері

Записаться на прием